Олимпиада-2020. Токиодан хабар
Бокс

Ғалымбек Кенжебаев: Біздің салмақ дейтіндей «69 кг» Қазақстанда туған жоқ

Ғалымбек Кенжебаев: Біздің салмақ дейтіндей «69 кг» Қазақстанда туған жоқ

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Олимпиада дайындық жайлы және жеребе қорытындысына қатысты пікірін айтты.

Жеребе жайлы

Үш спортшымызға жеребеде жолдас болды. Олар Бекзад Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев және Василий Левит. Бұл боксшылар өз салмағындағы үздіктермен жартылай финалға дейін кездеспейді. Дегенмен Олимпиада осал қарсылас жоқ. Бәрі мықты.

Жеребе біреуге жақсы, біреуге жаман түсті дей алмаймын. Барлық боксшымыздың дайындығы мықты. Жеребе ешкімге жеңіл түспеді. Мысалы, әлем рейтингінде жоғары тұрған Василий Левитке этникалық куба боксшысы қарсылас атанды. Одан өтсе, Ла Крузға қарсы жұдырықтасады.

Қоңқабаев – Жалолов текетіресі

Олимпиаданың ең көптен күткен жекпе‐жегі – Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов айқасы. Әуелі боксшыларымыз финалға дейін жетіп алу керек. Көбінесе спортшылар өзін финалда елестетіп қателеседі. Егер бірінші айқаста жеңбесең, чемпион түгіл жүлдегер де бола алмайсың. Сондықтан әр қарсыласқа жекпе-жек сайын жоспар құрып, дайындаламыз. Ешкімге қарамай, рингке шығып жұдырықтасу қажет. Алдымен бірінші жекпе-жекті жеңу керек. 

Василий Левиттің дайындығы жақсы өтті. Азия чемпионатындағы қателіктен сабақ алып, үйден арнайы жұмыс жасап шықтық. Олимпиадаға арнайы тактикамыз бар. Бәріміз Василийдің жүлде алғанын қараймыз, ол өзі де күтіп асыға күтеді.

Олимпиада қалашығы

Олимпиада қалашығында спортшыларға жағдай бар жағдай жасалған. Бірінші кезекте біз мұнда демалуға емес, жарыста бақ сынауға келдік. Тағам жағынан еш қиындық жоқ. Таңдау көп. ҰОК көмегімен өзімізбен тағы тағам алдық. Оның арасында ұлттық тағам - қазы да бар.

Алғашқы күні далада таза ауада жаттықтық. Артық ешкіммен байланыс жасамаймыз. Тек жаттығуға барамыз. Бастысы, күнде ПТР тест тапсырып жүрміз.

Ауа-райына үйренісу

Мұнда күн ыстық. Бірақ біз кешке, күн батарда жаттығамыз. Климатқа, уақыт белдеуіне үйреністік. Қапырық болғанына қарамастан жігіттер бәріне үйренісіп жатыр

Өзбек боксшылар екінші құрамды алып келіп, жаттығып жатыр 

Біз екі үш құраммен Алматыда жаттығу жиынын өткіздік. Карантинді бос өткізбедік. Өзбек бапкерлерімен сөйлестім. Олар мұнда ерте келгенімен, тек жаттығуға ғана барып, басқа еш мүмкіндігі болмады.

Медаль, жоспар, мақсат

Жоспарымыз бар. Бірақ бәрі ойда. Әрбір спортшымыздың жүлдегерлер қатарынан көрінгенін қалаймыз. Бақ шаба ма, бап шаба дейді ғой. Олимпиадада оңай қарсылас жоқ. Жігіттер барын салады.

69 кг

Бәрі 69 келіні Қазақстанның салмағы дейді. Бірақ 69 біздің салмақ дейтіндей Қазақстанда туған жоқ қой. Олимпиада бұрыннан өтеді. Кейінгі Олимпиадаларда біздің боксшылар бұл салмақта алтын алды. Дәстүрді жалғастыруға тырысатынымыз анық. Енді Абылайханға келер болсақ, оның дайындығы жақсы. Оның салмағында мықты боксшылар жетерлік.

Әбілхан Аманқұлдың жарақаты болды. Ресейде өткен жарыстың финалында жарақат алды. Азия чемионатында бұл жарақаты сыр берген жоқ.

Бекзадтың жеребесі оңай деп айта алмаймын. Алғашқы қарсыласы ресейлік физикалық тұрғыдан өте мықты. Одан кейін испанияық боксшы күтіп тұр. Ол этникалық кавказ спортшысы. Дегенмен біз Бекзадқа сенеміз. Жеке бапкері Марат Жакиев жанында.

Психология

Жарыстың басталуына аз ғана уақыт қалды. Маңызды күндер. Жігіттер психологиялық тұрғыдан дайын. Оған қоса, олар Олимпиадада оңай айқас болмайтынына дайын. Өздеріңіз білесіздер, Олимпиада күтпеген нәтижелер көп тіркеледі. Сәттіліктің де маңызы зор.

Кубамен бірлескен жаттығу 

Қазақстанда өткен Кубамен бірлескен жаттығу жиынында Василий Левит пен Ла Круз кездескен еді. Қателіктерін көрдік. Әр қарсыласқа жеке тактика қажет. Алдымен Испания боксшысын жеңу керек. Ла Крузға қарсы спаррингте Василийдің қателіктерін байқап, одан сабақ алдық. "Настрой боевой".

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
2020 жазғы Олимпиада

2020 жазғы Олимпиада

XXXII летние Олимпийские игры, которые пройдут в столице Японии Токио в 2020

Пікірлер 0