Футбол

АПЛ футболшысы балаларға жыныстық зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

АПЛ футболшысы балаларға жыныстық зорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

Аты-жөні аталмаған Англия премьер-лигасының футболшысы балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды, - деп хабарлайдыp prosports.kz.

Daily Mail-дің хабарлауынша, ойыншы 31 жаста және үйленген. Толық ақпарат заңды себептермен жария етілмеді.

Тергеу жүріп жатыр. Клуб футболшысын уақытша ойыннан шеттетті.

Үлкен Манчестер полициясы жұма күні футболшының үйіне кіріп, бірнеше затты тәркілегені туралы хабарланды. Футболшы кепілмен босатылды.

“Біз полицияның тергеуі аяқталғанға дейін негізгі команда ойыншысын ойыннан шеттеткенімізді растай аламыз. Клуб биліктің тергеуін қолдайды  және бұдан былай ешқандай мәлімдеме жасамайды”, – деді клуб өкілі.

Айта кетейік, Англия чемпионаты 13 тамызда басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0