ММА

OCTAGON 21. Ильяр Асхановтың титулдық жекпе-жегіне проморолигі жарияланды

OCTAGON 21. Ильяр Асхановтың титулдық жекпе-жегіне проморолигі жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

16 шілдеде Алматыда өтетін OCTAGON 21 турнирінде Ильяр Асханов (8-3) жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық жеңіл салмақтағы (70,3 келі) чемпион Ильяр Асханов (8-3) қазақстандық Эмрах Шавкатовпен (4-0) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) бұрынғы чемпион Алтынбек Мағаз (7-3) қырғызстандық Нұрболот Асқарбек Уулымен (7-1) кездеседі. Бұл жекпе-жек 59 келі салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, OCTAGON 21 турнирінің тікелей трансляциясын OCTAGON TV Youtube арнасынан көруге болады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер