ММА

Аяғын сындырған МакГрегор операция жасатады

Аяғын сындырған МакГрегор операция жасатады
news-banner7
mobile-news-top

Лас-Вегаста өткен UFC 264 турнирінің басты жекпе-жекте ирландиялық Конор МакГрегор мен америкалық Дастин Порье кездесті.

Кездесуді Конор белсенді бастады. Алайда бірінші раунд соңынан қарай Дастин соққыларын үдете түсті. Раунд аяқталар тұста ирландиялық спортшы аяғын сыныдырып алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтердің жағдайы туралы айтты.

- Ертең Конор операция жасатады. Оның қайта қалпына келуіне қанша уақыт керек екенін білмейміз, - деді ол.

Порье мансабында екінші рет МакГрегорды жеңді. Осы жылдың қаңтар айында өткен жекпе-жек те америкалық пайдасын аяқталған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер