Хоккей

«Барыс» Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшарт жасасты

«Барыс» Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкиймен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Хоккейшімен сынақ келісімі биыл 31 тамызына дейін жоспарланған.

Өскемен хоккейінің түлегі «Барыс» жүйесінде ойнаған, бұған дейін ол «Номад» сапында үш жыл өнер көрсетті.

Өткен маусымды Кирилл өскемендік «Торпедода» өткізіп, команданың ең үздік сұрмергені атанды, әрі Қазақстан чемпионатының қола медалін жеңіп алды. Ұлттық чемпионат аясында 52 матчқа (плей-оффты қосқанда) қатысып, 40 (12+28) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер