«Барыс» алғашқы ойынын елордада өткізеді

Елордалық «Барыс» жаңа маусымдағы құрлықтық хоккей лигасының алғашқы төрт ойынын өз айдынында өткізеді.
<span>Қазақстандық клуб алғашқы кездесуінде 3 қыркүйекте Ресейдің «Салават Юлаевын» қабылдайды. Одан кейін сол елдің «Металлургымен» 5, «Амурымен» 8 қыркүйекте мұз айдынға шығады. Төртінші ойын 11 қыркүйекте тағы бір ресейлік «Спартакқа» қарсы өтеді. </span>
<span>О</span><span>дан кейінгі үш кездесу Ресей, Латвия және Финляндияда жалғасады. Алдымен 14 қыркүйекте Мәскеуде ЦСКА-мен шеберлік байқасса, одан кейінгі ойындар 16 қыркүйекте Ригада «Динаиомен», 18 қыркүйекте Хельсинкиде «Йокеритпен» болады. </span>
<span>Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Барыс» соңғы кездесуінде Ресейде «Автомобилистпен» тартысқа түседі.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или