Әлем футболы

Армандағы финал: Месси Аргентина – Бразилия матчы жайлы

Армандағы финал: Месси Аргентина – Бразилия матчы жайлы
news-banner7
mobile-news-top

Америка Кубогының финалына шыққан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Бразилияға қарсы матч туралы пікірін білдіріп, Неймардың сөзіне жауап берді.

«Екеуіміз де [Неймар и Месси] финалға шықтық. Неймар біз дос болғандықтан осылай айтқан болу керек. Аргентина – Бразилия – бұл бәріміз күткен үлкен финал. Бізді айқасқа толы ауыр матч күтіп тұр.

Біздің бастапқы мақсатымыз финалға шығу еді. Бұрынғыға қарағанда жігерлене түстік. Өткен Америка Кубогында команда мықты ойын өрнегін көрсетіп, өзін шыңдай түсті. Бұл жолы одан да мықты нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

Қазір әр күнімнен ләззат аламын. Ұлттық құрамамен жарысты жеңіп алғым келеді», – деді Месси.

Бразилияда өтіп жатқан Америка Кубогының финалы 11 шілде күні болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер