Хоккей

Латвия құрамасының қақпашысы 24 жасында қайтыс болды

Латвия құрамасының қақпашысы 24 жасында қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

«Коламбус» қақпашысы Матисс Кивлениекс 24 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Латвия хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Латвия ұлттық құрамасының қақпашысы Матисс Кивлениекстің мезгілсіз қазасына байланысты отбасына, достары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз.

Ол еңбекқорлығымен және қайсар мінезімен спортта нағыз үлгі болды! Матисстің қайтыс болуы - Латвия хоккейі үшін ғана емес, бүкіл латыш халқы үшін үлкен жоғалту», - делінген хабарламада.

Ұлттық құрама сапында Кивлениекс 21 мамыр мен 6 маусым аралығында Ригада өткен 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер