Командалық

Жағажай волейболынан іріктеу турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіліс тапты

Жағажай волейболынан іріктеу турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіліс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Накхонпатхомада (Таиланд) әйелдер арасында жағажай волейболынан Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі өтуде. Қазақстандық спортшылар турнир аясында жарысты аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан сапынан қос жұп қатысты.

Бірінші матчта Алина Раченко мен Анастасия Уколова екі партияда қытайлық жұпқа Сюэ Чэнь мен Ван Синьсиньді 0:2 (8:21, 10:21) есебімен жеңді.

Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы Қытай өкілдері Вэнь Шухуэй мен Ван Цзиньчжеге қарсы ойнады. Өзара кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Ал шешуші кезеңде Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың дуэті Сюэ Чэнь мен Ван Синьсинь жұптарына 0:2 (14:21, 15:21) есебімен ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер