Командалық

«Оңай болған жоқ». Бас бапкер регбишілердің жолдамасыз қалу себебін түсіндірді

«Оңай болған жоқ». Бас бапкер регбишілердің жолдамасыз қалу себебін түсіндірді
news-banner7
mobile-news-top

Монакода регбиден Токио Олимпиадасына соңғы іріктеу турнирі өтіп, Қазақстан командасы жартылай финалда түзе бүкті. Анна Яковлева шәкірттері Ресей құрамасынан ірі есеппен ұтылған болатын. Осы орайда, бас бапкер регбишілердің неліктен жолдамасыз қалғанын түсіндірді, деп жазады Olympic.kz.

«Жалпы алғанда, іріктеу бәсекесі біздің команда үшін жаман өткен жоқ. Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда, шешуші кездесуде Ресей құрамасына жол берді.

Біздің дайындық деңгейіміз әртүрлі деңгейде деп есептеймін. Спортшылардың күші мен жылдамдығы жөнінен де айырмашылық көп. Оның үстіне, әлемдік серияға жиі қатысатын ресейліктердің тәжірибесі мол. Бізге оңай болған жоқ. Бірақ әлемдегі үздік 12 команданың қатарына кіру үшін қандай болуы керек екенін біздің спортшылар түсінді.

Эмоционалдық және физикалық тұрғыдан қыздарда бәрі жақсы. Қуанышқа қарай, көп жарақатымыз да жоқ. Қазақстанға келген соң кішігірім демалыс алып, кейін алдағы маусымға дайындықты бастаймыз», - дейді Яковлева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер