«Барсы Атырау» EYBL матчында жеңіліс тапты

Еуропалық жастар баскетбол лигасының (EYBL) ІІІ турындағы соңғы ойында «Барсы Атырау» швециялық «Лулеоға» есе жіберді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы жартылықтан кейін атыраулықтар бір ұпайға ғана артта келе жатқан, дегенмен үшінші және төртінші кезеңдерде швециялықтар басымдық танытып, жалпы есепте 65:55 көрсеткішімен жеңіске жетті.

Үш турдың қорытындысы бойынша «Барсы Атырау» 15 матчта 9 рет жеңіске жетіп, турнир кестесінің бесінші сатысында келе жатыр.

«Лулео» (Лулео, Швеция) – «Барсы Атырау» (Атырау) 65:55 (16:8, 16:23, 17:13, 16:11)

«Барсы Атырау»: Олехнавичюс (22), Юцикас (14), Қонысов (5), Сағынғалиев (5), Мырзағалиев (4), Өтеген (3), Исқақов (2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или