Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты

Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты

<span>Су добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік лиганың суперфиналында қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп жазады ҚазАқпарат.</span>

<span>Қазақстандық ватерполшылар Греция командасынан 11:25 ұпаймен жеңіліп қалды. Бұған дейін олар АҚШ (2:20) пен Испания (11:20) командаларынан жеңілген . Әйтсе де, турнир регламенті бойынша, A және B топтарындағы командалар автоматты түрде ширек финалға жолдама алады. </span>

<span>Қазақстан құрамасының ширек финалға соңғы, төртінші орында шыққанына қарамастан, онда оған қатарынан үш рет жеңген А тобының көшбасшысы – Канадамен ойнау керек. Матч бүгін болмақ. Ширек финалдағы басқа жұптар мынадай: Ресей – Греция, Жапония – АҚШ, Венгрия – Испания.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или