русский язык

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыласы анықталды
news-banner7
mobile-news-top

2021/22 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирге биыл Қазақстан атынан алматылық «Қайрат» қатысады.

Бұған дейін «Қайраттың» мына командалардың бірімен кездесетіні белгілі болған: «Шахтер» (Салигорск, Беларусь), «Нефтчи» (Баку, Әзірбайжан), «Маккаби» (Хайфа, Израиль) және «Теута» (Дуррес, Албания).

Жеребе нәтижесінде «Қайрат» алғашқы іріктеу кезеңінде «Маккаби» (Израиль) клубымен кездесетін болды. Алматылықтар алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді.

Бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесулері 6, 7 шілдеде, ал қарымта ойындар 13, 14 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;