Сансызбаева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды
Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Ол жалпы 258 (113+145) келі зілтемір көтерді.
Бұл салмақта екінші орынды 235 келіні көтерген ресейлік Виктория Орлова иеленді. Ал үздік үштікті канадалық Эмма Фризен түйіндеді (215 келі).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или