Хоккей

Әлем чемпионаты: Латвия – Қазақстан. Ойын күнінің аңдатпасы

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы бүгін топ-дивизиондағы әлем чемпионатында алғашқы матчын өткізеді. Қарсылас – Латвия құрамасы.

Мұзайдын иелері Канаданы 2:0 есебімен жеңіп, турнирді сенсациядан бастады. Қарсылас алғашқы матчын өткізіп үлгерсе, қазақстандық хоккейшілер соңғы рет 13 мамыр ойнап, дайындық аясындағы алғашқы және жалғыз Беларусь құрамасына қарсы жолдастық матчта жеңіске жетті. 15 мамыр коронавирусқа тест тапсырып, оң нәтиже алған ойыншыларымыздың бірі әлі оқшаулануда.

Қазақстан және Латвия құрамалары соңғы рет 2016 жылы Мәскеудегі әлем чемпионатында кездесті. Ол кездесуде жеңіс Латвия құрамасына бұйырған болатын. Сол уақыттан бері қос команда құрамдары елеулі өзгеріске ұшырады. Қарсыластың пайдасына шешілген жекпе-жектер статистикасы – жеті матчта алты рет жеңіске жеткен.

Латвия құрамасының бас бапкері – «Барыстың» ҚХЛ-дағы бітіспес қарсыласы омскілік «Аванградтың» тәлімгері Боб Хартли. Құрамамен 2016 жылдан бері жұмыс жасап келеді, латвиялықтар өз алаңындағы турнирде финалға жетуді көздеп отыр.

Канаданы жеңгеннен кейін Хартли Қазақстан құрамасы туралы:

«Қазақстанның ойыншылар құрамы шамамен ҚХЛ аясындағы «Барыстың» сапындағыдай болатыны белгілі. Мен бұл команда мен ойыншыларды жақсы білемін. Қазақстандық команда әрдайым жеңіс үшін барын салатын тамаша ұжым, меніңше керемет ойын болады. Екі күн ішінде екі ойын өткізу оңай емес. Сондықтан бізге күшті бойға жинап, дайын болу керек. Мен Латвия құрамасын жаттықтырып жүргендіктен, қазақстандық командада не болып жатқанын біле алмаймын, алайда ҚХЛ-да қанша жыл жұмыс жасап келе жатқанда бір білерім: бұл – намысты жігіттер, құрама формасын кім кисе де, елінің намысы үшін өліспей беріспейді», - дейді маман

Латвия – Қазақстан матчы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:15-те басталады. Бұл кездесуді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Түпнұсқасы: wc2021.ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер