Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында АҚШ-қа аттанды

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегі алдында АҚШ-қа аттанды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін АҚШ-қа аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы спортшы өзінің UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада) UFC 264 турнирінде өткізеді. Жумагуловтың қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5) болады. 26 жастағы америкалық соңғы үш кездесуінде де қарсыластарына есе жіберген. 

Жалғас UFC 257 турнирінде Амир Албазиден ұтылды. Осы жылдың наурыз айында Жұмағұлов Флоридадағы әйгілі American Top Team спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізді.

UFC 264 турнирінің басты оқиғасы екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпион Конор МакГрегор мен Дастин Порье арасындағы жекпе-жек болмақ.

 

Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та қандай қиындықтарға тап болғанын айтты

Жұмағұлов UFC-дегі жекпе-жегі алдында 8 рет допинг-тесттен өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или