ММА

Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та қандай қиындықтарға тап болғанын айтты

Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та қандай қиындықтарға тап болғанын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Аса жеңіл салмақта UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-5) ораза айы уақытында АҚШ-тан Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, биыл наурыз басында Жұмағұлов АҚШ-қа жиын өткізуге аттанып, америкалық танымал American Top Team залында дайындық жұмыстарын жүргізген. Жалғас үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде UFC 264 турнирінде өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Джер Ривера (9-5) болады.

Елге оралған соң Жако Arlan MMA Pro Team YouTube-каналына сұхбат берді.

– Басында қиын болды. Тіл білмедім. Баспана, тамақтану мәселесі болды. Спортзалға қарама-қарсы қонақүй таптым, сонда тұрдым.

– American Top Team-де жаттығуды суретке түсіруге болмайды, тек бір селфиге рұқсат беріледі.

– Басында маған Марина Мороз бен оның жары (украиналық Марина Мороз UFC-де өнер көрсетеді, промоушендегі рекорды – 5-3), кеңестер берді, бапкер мәселесінде көмектесті. Мен оның командасында жаттықтым.

– Мария Агапованы көрдім, бірақ жаныма келмеді, алыстан қол бұлғады. Ол жерлесім ғой, жаныма келіп, жағдайымды сұрап, қандай көмек керегін сұрайды деп ойладым. Әрине, одан көмек сұрамас едім.

– Рамазан уақытында үйге келдім, АҚШ-қа 15-іне қарай кетемін, сол жақта жаттығу лагерін өткіземін, келісіп қойдым.

Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер