ММА

Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінің алдында 8-рет допинг-тесттен өтті

Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегінің алдында 8-рет допинг-тесттен өтті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов Америка допингке қарсы агенттігінің (USADA) тыйым салынған заттарға қарсы кезекті сынағынан өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жариялады. Әрі «USADA-ның сегізінші сынағы. Таңғы 7, 8 тест», - деп жазды.

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр. Отандасымыз 11 шілдеде Лас-Вегаста өтетін UFC 264 турнирінде америкалық Джером Риверамен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер