«Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Рингте қарсыласын шығарыңдар»

Қазақстандық Геннадий Головкин алдағы уақытта кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын. Бұл туралы оның бапкері Джонатон Бэнкс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Геннадий Головкин жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүр. Мен де оның жекпе-жегін күтіп жүрмін. Маған оның кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес, тек қарсылас табылғанын қалаймын. Triple G кіммен жұдырықтассам да бәрібір, келісімшарт жасасайық деді. Рингте қарсыласын шығарыңдар. Оның қалайтыны сол ғана», - деді Бэнкс ESNEWS-ке.
Еске салайық, Головкин кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізіп, полякя Камил Шереметаны нокаутпен жеңген болатын. Бүгінде ол IBF және IBO титулдарының иегері.<span> </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или