IJF рейтингі: Бес бірдей қазақстандық дзюдошы көш бастап тұр

IJF рейтингі: Бес бірдей қазақстандық дзюдошы көш бастап тұр

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жасөспірім дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеп.

Алматы қаласында өткен Азия кубогынан кейін жаңартылған рейтинг бойынша бес қазақстандық жас татами шебері рейтингте көш бастады. Ұлдар арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған Санжар Әли әлемдік рейтингте 93 сатыға жоғарылап, өз салмақ дәрежесінде бірінші орынға көтерілді.

55 келіде Азия кубогын жеңіп алған қазақстандық Талғат Орынбасар әлем рейтингінде көш бастап тұр. Азия кубогында 66 келіде алтын жүлдеге ие болған Акбар Алтай дәл осы салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте үздік саналып отыр. Ә

лем рейтингінде 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Дамир Ахет бірінші орында. Ол Азия кубогында де топ жарған болатын. Ал қыздар арасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аружан Ережепова көш бастап тұр.

Назарларыңызға жаңартылған рейтингтегі қазақстандық дзюдошылар орнын ұсынамыз (ТОП-10):

Ұлдар

50 кг

Санжар Әли – 1 орын (102 ұпай) Ұлан Зәкір – 4 (60)

55 кг

Талғат Орынбасар – 1 (100) Әлім Әділбеков – 2 (60) Қуанышбек Көмеков – 8 (40)

60 кг

Аян Байкенжеев – 2 (100) Әділет Жолекеш – 3 (60) Жалын Нұртай – 5 (40) Дәулет Бисенқұлы – 5 (40) Әділет Алмат – 10 (20) Олжас Құмар – 10 (20)

66 кг

Акбар Алтай - 1 (100) Геннадий Ким - 4 (60) Бексұлтан Құлмырза - 6 (40) Темірлан Сағындықов - 6 (40) Қанат Әбитұлы - 9 (20)

73 кг

Батыр Әлікен - 6 (40) Бекзат Құрманбай - 6 (40) Бекзат Нұрмолда - 9 (20) Досхан Жолжақсынов - 9 (20)

81 кг

Нұржан Бисенов - 2 (100) Нұрбек Мұрат - 4 (60)

-90 кг

Бақжан Байтас - 3 (40) Мейіржан Беріков - 9 (20) Нұрлан Сайлаубай - 9 (20)

+90 кг Дамир Ахет - 1 (100) Сардар Әбдісамитұлы - 5 (40) Жансерік Қыдырбай - 5 (40) Дінасыл Тәттімбек - 9 (20)

Қыздар

40 кг

Сабина Юлдашбекова - 6 (100)

44 кг

Нұрайлым Сәрсенбек - 4 (60) Тасним Абдуали - 6 (40)

48 кг

Жансая Ерқуанышова - 9 (40) Әсем Сергули - 9 (40)

52 кг

Аружан Ережепова - 1 (180) Самал Маликқызы - 7 (40)

57 кг

Дана Айтбаева - 4 (60) Әсемгүл Өтегенова - 6 (40)

63 кг

Ұлдана Таңжарықова - 7 (48)

-70 кг

Диана Тельбаева - 3 (60) Анастасия Нагачевская - 6 (40) Нұрдана Қабибуллаева - 6 (40)

+70 кг

Ажар Асхат - 4 (40) Наргиз Оразбекова - 9 (20) Алина Өмірбек - 9 20)

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы 14-15 мамыр күндері Алматыда өтті.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или