Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Польша командасымен жолдастық кездесу өткізді

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Польша командасымен жолдастық кездесу өткізді

<span>Регбиден Қазақстан әйелдер құрама командасы Польша командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>

<span>Жолдастық кездесудің мақсаты - келесі айда өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу жарысына дайындық. Қазіргі таңда Польша командасы құрлықтық чемпионатына дайындалу үстінде. Қос құрама маңызды жарыс алдында өзара кездесіп, шеберліктерін шыңдады. Екеуара кездесу 6:3 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. </span>

<span> Айта кетерлігі, регбиден Олимпиада ойындарына іріктеу додасы 19-20 мамыр күні Монакода өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу жарысына дайындық мақсатында Польшада оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или