Хоккей

​Александр Корешков: Құрама алдына әрдайым ең биік меже қойылады

​Александр Корешков: Құрама алдына әрдайым ең биік меже қойылады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Барыс Аренада» хоккейден Қазақстан құрамасының ашық жаттығуы өтті. Жаттығу аяқталғаннан кейін Александр Корешковтың қатысуымен онлайн баспасөз мәжілісі өтті. Ұлттық құраманың бас менеджері құрамды жасақтау, сонымен қатар турнирге қатысты жоспарларымен бөлісті.

- Александр Геннадьевич, міндет – әрбір матчта тартысу ғана емес, сондай-ақ топтан суырылып шығу, медаль үшін күресу. Өз тарапыңыздан пікіріңізді естісек. Мұның бәрі мүмкін бе?

- Кез келген құрама келген кезде, ол жастар болсын, жасөспірімдер болсын, әрдайым ең биік меже қойылады. Біз жігіттерге ұшып кетпесеңдер болды дей алмаймыз ғой. Ең биік меже – үздіктердің төрттігіне ену екені белгілі. Пандемияға байланысты биылғы әлем чемпионатына қандай құрамалар келетіні белгісіз. ҰХЛ чемпионаты нағыз қызған шақ, құрамалар әрбір ел чемпионатындағы командалар сапынан жасақталады. Бұл жағдайда мүмкіндіктер бар. Мұнан басқа, бұл жігіттер үшін қосымша мотивация, алда келесі маусым бар. Кім жақсырақ ойнап, өз-өзін көрсетсе, әлдеқайда тиімді келісімшартқа ие болады, жақсы клубқа шақырту алады.

- Найджел Доусқа қатысты жағдайды айтып өтсеңіз.

- Бас бапкердің сөздерін растай аламын, осыдан екі сағат бұрын Доустың агентімен түбегейлі келіссөз жүргізілді, ол хоккейшінің отбасылық жағдайларға байланысты жиынға келе алмайтынын және әлем чемпионатына қатыса алмайтынын растады.

- Неліктен дәл Виктор Сведбергті натурализациялау туралы шешім қабылданды?

- Уақыт өтіп жатыр, алдыңғы буын кетіп жатыр, біз Сведбергті де қарастырдық, ол құрамаға көмектесуге өзі ниет білдірді. Оның үстіне, қорғаушы позициясы Қазақстанда, әсіресе құрамада ұдайы жетіспейтін. Ойыншыны «Барыс» жүйесіне шақырған кезде оның агентімен Қазақстан құрамасына тарту туралы келіссөз жүргізіледі. Екі жыл өтті, ол ИИХФ-дан рұқсат алды, осылайша бүгінде біздің командада.

- Пандемияға байланысты Ригада жағдай қалай болады?

- Барлық командалар үшін ақпарат ортақ. 16 мамыр күні барлық құрамалар қонақүйлерге кіріп, 16 және 17 мамырда қатаң карантинде болады. Әрқайсысын жеке бөлмеге жатқызамыз, ешкім шықпайды. Тамақ бөлмелерге жеткізіліп отырады. Әрі қарай дайындықты жалғастырамыз, жаттығуды жабық режимде өткіземіз.

- Блэкермен байланысты жағдайға пікір білдірсеңіз. Қандай қиындық бар? Неліктен ол бірден Ригаға барады?

- Ойыншы қайтқан кезде оның бірнеше жарақаты болды. Мен оның агентімен сөйлестім, ол белгілі бір рәсімдерден өтуі тиіс болды. Сол себепті де осындай шешім қабылданды. Оның 7 мамыр осында келуге мүмкіндігі бар, алайда екі күннен кейін Ригаға ұшатындықтан, мұнда келудің қисыны жоқ екенін айттық. Бізге Латвияда қосылады деп келістік.

- Евгений Рымарев құрамаға келді ме?

- Иә, ол осында.

Түпнұсқасы: ligasy.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер