Бокс

Қазақстандық боксшы Екатеринбургтегі жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеді

Қазақстандық боксшы Екатеринбургтегі жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Екатеринбургте (Ресей) 7 мамырда өтетін Жеңіс күніне арналған кәсіпқой бокс кешінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп жазады Prosports.kz.

Осы турнир аясында орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Берікбай Нұрымбетов (7-2-1, 2 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы жеңіліп көрмеген жергілікті боксшы Иван Никонов (4-0, 1 КО).

Салмақ өлшеу кезінде 29 жастағы отандасымыз қарсыласынан сәл ауыр болып шықты - Нұрымбетовтің салмағы 72,8 келі, Никонов салмағы 72,6 келі болды. Естеріңізге сала кетейік, титулды емес жекпе-жекте салмақтың шектен аздап асуына жол беріледі.

Екатеринбургтегі бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер