Есет Қуанов әлемдік Grand Slam турнирінде үздік үштікке ілінді
Дзюдошы Есет Қуанов Қазақстан қоржынына әлемдік Grand Slam жарысының екінші қола жүлдесін салды, деп хабарлайды ҰОК сайты.
Бүгін Рсейдің Қазан қаласында дзюдодан әдемдік grand Slam турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық балуандар екі жүлде жеңіп алды.
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Есет Қуанов кіші финалда грузиялық Баграти Ниниашвилиді иппон ұпайымен таза жеңді.
Айта кетерлігі, осыған дейін 60 келі салмақта сынға түскен Дәурен Сүйеукенов ел қоржынына бірінші қоланы сыйлаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или