Қамшыбек Қоңқабаев: Азия чемпионатына дайындықты бастап кеттік

<span>Былғары қолғап шеберлері биыл Азия құрлығының үздігін Дубайда анықтайды. Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев осыған орай пікір білдірді. </span>
<span>"Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында 21-31 мамыр аралығында өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастап кеттік. Олимпиада ойындарының алдындағы соңғы жарыс. Ел сенімін ақтап,әр жарыстан абыроймен оралуға бар күш жігерімізді саламыз", - деген Қамшыбек инстаграм желісінде.</span>
<span>Айта кетерлігі, бокстан 2021 жылғы Азия чемпионаты Үндістаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне ауыстырылды. Бұл туралы Азия бокс конфедерациясы хабарлаған болатын. Турнирді Нью-Делиден Дубайға ауыстыруға Үндістандағы коронавирусты инфекцияға байланысты жағдайдың ушығуы себеп болып болған.</span>