Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін бразилиялық Эскива Фалькаоға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бразилиялық боксшы Uol.com.br басылымына берген сұхбатында Головкинге қарсы жекпе-жек өткізетінін айтты. Оның сөзінше, жекпе-жек тамыз айында Лас-Вегаста өтеді. 

31 жастағы Эскива Фалькао әуесқой мансабында 2012 жылғы Олимпиаданың финалына шыққан. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы желтоқсанда өткізіп, Камил Шереметаны жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или