Хоккей

Қазақстан әлем чемпионатында кеңейтілген құрамда ойнауға мүмкіндік алды

Қазақстан әлем чемпионатында кеңейтілген құрамда ойнауға мүмкіндік алды

Ресейдің шайбалы хоккей федерациясының президенті Владислав Третьяк ұлттық құрамалардың әлем чемпионатына қатысуға өтінімдерін 28 ойыншыға дейін кеңейтуге болатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты Латвияда 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Бұрын тізімге тек 25 кіре алатын еді.

«Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы алты ойыншы қосуға болатындығы туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, команда құрамы 25 ойыншыдан 28 ойыншыға дейін кеңейтілді. Дегенмен, түсініксіз жайттар әлі де көп. Белгілі болғандай, ойыншыларға бес күндік карантин өту керек», - деді Третьяк

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0