Зілтемірші Айзада Мүптілдә Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Зілтемірші Айзада Мүптілдә Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық зілтемірші Айзада Мүптілдә (+87 кг) Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде қола медаль еншіледі, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Спортшы екі жаттығу қорытындысы бойынша 269 (118 + 151) келіні бағындырды. Мүптілдә А тобында өнер көрсетті.

Бұған дейін Азия чемпионатында Артем Антропов пен Екатерина Быкова қола жеңіп алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или