Артем Антропов Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінді

<span>Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҰОК сайты. </span>

<span>Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты.  </span>

<span>Нәтижесінде, Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды. Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші болды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или