Хоккейден қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтпейді

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өткізілмейді. Бұл туралы Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемдік турнир 6-17 мамыр аралығында Канадада өтуі тиіс болатын.
«Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтпейтін болды. Бізге мұндай шешім қабылдау қиын», - дейді IIHF басшысы Рене Фазель.
Айта кетелік, әлем чемпионатын қабылдайтын Жаңа Шотландия провинциясы коронавирус індетіне байланысты турнирді өткізуден бас тартқан.
Былтыр өтуі тиіс турнир қатарынан екінші рет ұйымдастырылмай отыр. 2022 жылы Олимпиада ойындарына байланысты әлем чемпионаты өткізілмейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или