Ауыр атлетика

Азия чемпионаты: Екатерина Быкова қола жүлдегер атанды

Азия чемпионаты: Екатерина Быкова қола жүлдегер атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күнінде Қазақстан қоржыны қоламен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін әйелдер арасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде спортшылар жүлдені сарапқа салды. Аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан жарыс жолына екі спортшы шықты.

Екатерина Быкова 213 кг (91+122 кг) көрсеткішімен үшінші сатыдан көрініп, кіші қолаға қол жеткізді.

Сонымен қатар, жұлқа көтеруде кіші күміске ие болды. Тағы бір қазақстандық спортшы қоссайыс нәтижесінде 200 (86+114) келіні бағындырып, құрлықтық біріншілікте төртінші орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер