Теннис

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан - Аргентина матчының тікелей трансляциясы

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан - Аргентина матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

17 сәуірде Билли Жан Кинг Кубогының плей-офф кезеңіндегі Аргентина мен Қазақстан құрамалары арасында жекелей сында екі матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жоспар бойынша бүгін Елена Рыбакина Надия Подороскаямен, ал Юлия Путинцева Мария Лурдес Карлемен ойнауы керек.

Алайда бірінші күнгі кездесулердің қорытындысын шығара отырып, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Полский Зарина Дияс Рыбакинаның орнына кортқа шығу мүмкін екенін айтты.

Еліміздің бірінші ракеткасы кеше Карлемен үш сетьке созылған тартысты матч өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші күннен кейін есеп 1:1.

Аргентина - Қазақстан матчының екінші күнін тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Матчтарды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер