ММА

ONE on TNT 1: Бұрынғы UFC чемпионы нокаутпен жеңілді

ONE on TNT 1: Бұрынғы UFC чемпионы нокаутпен жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) бұрынғы UFC чемпионы, ONE Гран-при иегері Деметриус Джонсон ONE on TNT 1 турнирінде ONE чемпионы Адриано Мораеспен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы Джонсон (30-4-1) Мораеске (19-3) қарсы кездесудің айқын фавориті саналған. Бірақ бес раундтқа жоспарланған титулды жекпе-жек екінші раундында Мораес Джонсонды нокаутқа жіберді. Осылайша, бразилиялық файтер мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын үшінші мәрте сәтті қорғады.

Ал Деметриус Джонсон 14 жылдық кәсіпқой мансабында алғаш рет нокаутпен жеңілді. Бұл оның мансабындағы үшінші жеңілісі, оның үстіне ол 2018 жылдан бері алғаш рет жеңіліп отыр. Деметриус Джонсон ONE промоушенінде 2019 жылы наурыз айында дебют жасаған.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық файтер, бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов Мораесті кездесуге шақырып, бразилиялықпен трилогия өткізгісі келетінін айтты. 2015 жылдың қарашасында Ахметов төрешілер шешімімен Мораесті жеңіп, чемпион атағына қол жеткізді. 2017 жылы тамызда бразилиялық Қайратты жеңді. Содан бері Қайрат Ахметов 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіп, 1 мәрте жеңілді. Отандасымыз соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шықты. Ол кезде Да Хван Кимді төрешілер шешімімен жеңді.

Турнирден кейін ONE-дің баспасөз қызметі жанкүйерлерді флай салмағында чемпиондық атаққа келесі үміткерді анықтауға шақырғанын қосамыз. Бұл тізімге сингапурлық промоутерлік рейтингте үшінші орында тұрған Қайрат Ахметов те енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер