Live
Спорттағы коронавирус
Хоккей

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы «Сарыарқаның» бас бапкерін жазалады

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы «Сарыарқаның» бас бапкерін жазалады

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы «Сарыарқаның» бас бапкері Леонид Тамбиевті бір матчқа шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған «Сарыарқа» мен «Номад» арасындағы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің жартылай финалдық сериясының екінші матчы аяқталғаннан кейінгі оқиға себеп болды. «Сарыарқаның» бас бапкері команданың жеңісінен кейін «Номад» ойыншыларына ерсі қылық көрсетіп, балағат сөз айтқан. 

Еске сала кетейік, ойын 3:2 есебімен «Сарыарқаның» пайдасына аяқталды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0