ҚФФ: Қазақстан құрамасында ешкім коронавирус жұқтырған жоқ

ҚФФ: Қазақстан құрамасында ешкім коронавирус жұқтырған жоқ

Қазақстан футбол федерациясы ел құрамасының штабынан коронавирус анықталғаны туралы қауесетті теріске шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Telegram арналардың бірінде жаттықтырушы Сергей Калюбин мен әкімші Максим Шауберттің инфекция жұқтырғаны туралы ақпарат тараған. 

Сыбыстарды ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен жоққа шығарды.

«Франциямен матч алдында Сергей Калюбин ауырып қалды. Коронавирус емес, жай суық тиген. Ал Максим Шауберт бір апта бұрын отбасылық жағдайына байланысты демалыс алды», - деп сендірді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или