Жоғарғы лига: Ақтөбеде ел біріншілігінің кезекті кезеңі аяқталды

Жоғарғы лига: Ақтөбеде ел біріншілігінің кезекті кезеңі аяқталды

<span>Ақтөбеде волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі өз мәресіне жетті. </span>

<span>29-шы Қазақстан чемпионатының ІV кезеңінде он команда өзара мықтыны анықтады. </span>

<span> Ел біріншілігінің кезекті кезеңінің нәтижесі бойынша "Ақтөбе" волейбол командасы 48 ұпаймен көш бастады. Орал қаласының "Жайық" командасы екінші орынға жайғасса, шымкенттік "Динамо-Қазғұрт" үшінші орыннан көрінді.  </span>

<span>Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионатының соңғы кезеңі Орал қаласында өтеді. Ақтық кезең 20-26 сәуір күндеріне жоспарланған. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или