Асқар Әбілдаев: Барлық матч аса тартысты өтті

Асқар Әбілдаев: Барлық матч аса тартысты өтті

21 наурызда футзалдан Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аяқталды. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев тұрақты маусымды қорытындылады, деп жазады Prosports.kz.

Төрт айналымның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңінің қатысушылары анықталды. 2020/21 жылғы маусымда 9 команда өнер көрсетті. Бірақ талдықорғандық «Жетісу» екі айналымнан кейін қаржылық қиындықтарға байланысты таратылды.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020/21 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты төрт кезеңде өтті. Алғашқы айналым Щучинскіде, екіншісі Рудныйда, ал соңғы екі айналым Алматыда өтті. Биылғы жылы чемпионаттың деңгейі едәуір жоғарылағаны байқалды. Барлық кездесу аса тартысты болғанын атап өткім келеді.

Әрине, басқа клубтарға басты фаворит «Қайратқа» қарсы тұру қиын. Алматылық клуб қарсыластарынан оқ бойы озып, тұрақты маусымның жеңімпазы атанды. Бірақ болашақта, мүмкін келесі жылы да кейбір клубтар елдің бірнеше дүркін чемпионына қарсылық танытады деп ойлаймын», - деді Асқар Әбілдаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, 27 наурызда футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі басталады. Ширек финал бір команда екі рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады. Бірінші матч 27 наурызда, екінші кездесу 28 наурызда өтеді. Егер командалар бір-бір кездесуде жеңіске жетсе, үшінші шешуші матч 30 наурызда өтеді. Матчтар Нұр-Сұлтандағы «Сайран Аренада» өтеді. Жанкүйерлер ойынға кіре ала ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Ширек финалдық жұптар:

«Қайрат» - «Оқжетпес»
«Ақтөбе» - «Каспий»
«Атырау» - «Бәйтерек»
«Аят» - «Нұр-Сұлтан».

Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі қалай өтеді

«Футзал - ұмытылмас эмоция сыйлайтын спорт»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или