Теннис

Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты

Нұр-Сұлтан турнирі: Александр Недовесов жұптық сында финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Александр Недовесов пен украиналық Денис Молчанов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің финалына шықты.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда германиялық Юлиан Ленц – эквадорлық Роберто Кироспен күш сынасты. Бірінші сетте ерманиялық-эквадорлық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Екіншісінде А.Недовесов пен Д.Молчанов бірден алға кетіп, есе қайырды – 6:3. Тай-брейкте Недовесов пен Молчанов өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 10:4.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен бірге жартылай финалда америкалықтар Натан Паша – Макс Шнурмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық-өзбекстандық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Алайда сол қарқынын жалғастыра алмай, екінші сетте 1:6 есебімен есе жіберді.

Америкалық жұп тартысты тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 11:9. Осылайша финалда А.Недовесов – Д.Молчанов америкалықтар Н.Паша – М.Шнурмен бас жүлдені сарапқа салады.

Түпнұсқасы: ktf.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер