Қазақстандық боксшы «Странджа-2021» турнирінде қола жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс халықаралық «Странджа-2021» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҰОК сайты.
Болгарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде ел қоржынына қола медаль түсті. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат жартылай финалда жеңіліп қалды.
Ақтық финал жолдамасын ол ресейлік Павел Сосулинмен сарапқа салып, 1:4 есебімен қарсыласына жол берді.
Айта кетерлігі, «Странджа-2021» халықаралық бокс бәсекесі 28 ақпанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или