Сметов: Олимпиадада жеребе жақсы түсуі үшін рейтингтегі орнымыз өте маңызды
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасы маусымның кезекті әлемдік бәсекесіне қызу дайындалып жатыр. Ұлттық құрама лидері Елдос Сметов Ташкент татамиіне дайындығы туралы айтты.
- Қазіргі таңда Шымкент қаласында Өзбекстанда өтетін "Grand Slam" жарысына дайындық үстіндеміз. Оқу-жаттығу жиыны өте жақсы өтіп жатыр. Алдымызға қойылған мақсат - Олимпиада ойындары. Олимпиада ойындарында жеребеміз жақсы түсуі үшін осындай жарыстардан жүлделі орындардан көрініп, рейтингте жоғары ұпайға ие болу керек. Сондықтан рейтингтегі орнымыз өте маңызды. Бүгінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін тер төгіп, еңбек етудеміз, - дейді Елдос Сметов.
Айта кетерлігі, Ташкенттегі әлемдік "Grand Slam" додасы 5-7 наурыз күндеріне жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или