ММА

«Қатты толқыдым». Бернс Усманнан неге жеңілгенін айтты

«Қатты толқыдым». Бернс Усманнан неге жеңілгенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

UFC файтері Гилберт Бернс UFC 258 турнирінің титулдық жекпе-жегінде Камару Усманнан жеңілгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

«Мен қатты толқып кеттім. Егер сіз чемпион болғымыз келсе, онда мұндай қателікті жібермеуіміз керек. Мен Робби Лоулер сияқты болғым келеді.

Естеріңізде болса, ол Джони Хендрикстен жеңіліп қалды, бірақ өте тез, әрі мықты болып оралды. Осыдан кейін ол екі жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды. Менің де қолымнан келеді», - деп келтіреді BJPenn Бернстің сөздерін.

Еске сала кетейік, Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC 258 турнирінің негізгі кездесуінде жартылай орта салмақтағы америкалық Камару Усман Бразилия файтері Гилберт Бернсті жеңді. Жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.

Осылайша, Усман белбеуін қорғап қалды. 33 жастағы жекпе-жек шеберінің ММА-да бір жеңіліспен 18 жеңісі бар. 34 жастағы Бернстің еншісінде - 19 жеңіс пен төрт жеңіліс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер