«Ордабасы» - «Динамо» (Мәскеу) матчының тікелей трансляциясы

«Ордабасы» - «Динамо» (Мәскеу) матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін шымкенттік «Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында тағы бір жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Александр Седнев командасы Мәскеудің «Динамосымен» ойнайды. Биылғы маусымда «Динамо» 19 кездесуде 30 ұпай жинап, 16 команданың ішінде алтыншы орында тұр.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда мәскеулік клуб тағы бір қазақстандық клуб - «Қайратпен» ойнады. Кездесу 2:0 есебімен ресейліктердің жеңісімен аяқталды.

Осы оқу-жаттығу жиынында «Ордабасы» екі жолдастық ойын өткізді: олар өзбектердің «Навбахорын» (2:1) және Владикавказдың «Аланиясын» (5:2) жеңді.

«Ордабасы» - «Динамо» ойыны Мәскеу уақытымен 20: 00-де басталады. Тікелей эфирді шымкенттік клубтың YouTube арнасынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер