Теннис

Бублик АТР рейтингінде 45-орынға көтерілді

Бублик АТР рейтингінде 45-орынға көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингіде 45-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бублик өзінің спорттық жолында рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Оның бұдан бұрынғы үздік көрсеткіші 2020 жылдың ақпанындағы 47-орын еді.

Осылайша өткен аптада Анталия ATP 250 турнирінің финалына дейін жеткен Бублик бірден бес сатыға (50-ден 45-ке) жоғарылады.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингісінде бұрынғыша сербиялық Новак Джокович көш бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші орында келеді. Қазақстандықтардан Михаил Кукушкин 89-шы, Дмитрий Попко 165-орнын сақтап қалды.

Жұптық сында Кукушкин 76-орнында қалды. Ал Андрей Голубев пен Бублик үш сатыға көтеріліп, сәйкесінше 85-інші және 89-орынға жайғасты. Александр Недовесов 133-сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер