ММА

«Салмақ қуу қалды, жекпе-жекке дайынмын»

«Салмақ қуу қалды, жекпе-жекке дайынмын»
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының намысын қорғайтын қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында дәстүрлі фотосессияға қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Морозов командасымен түскен суретінің сипаттамасына «Салмақ қуу қалды, жекпе-жекке дайынмын» деп жазды. 18 қаңтарда кешке қазақстандық файтер ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізеді. Турнирдің өзіне келер болсақ, Морозов америкалық промоутердегі алғашқы кездесуін 21 қаңтарға қараған түні болатын UFC Fight Island 8 ивентінде өткізеді. Сергей турнирдің бастапқы кардында өнер көрсетеді, оның жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен шамамен 20:40-та басталады.

Қазақстандық файтердің Әбу-Дабидегі қарсыласы ресейлік файтер Умар Нурмагомедов болады. Бастапқыда бұл жекпе-жек UFC 254 аясында 2020 жылдың қазанында өтеді деп жоспарланған болатын, бірақ Нурмагомедов турнирге бірнеше күн қалғанда ауруханаға түскен еді.

Айта кетейік, 24 қаңтарға қараған түні тағы бір қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов жекпе-жек аралында UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы швециялық Амир Албази болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер