Бокс

«Боксшылар толық бабына енген жоқ». Ерік Алғабек Сербиядағы турнирге баға берді

«Боксшылар толық бабына енген жоқ». Ерік Алғабек Сербиядағы турнирге баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Сербияда әйелдер боксынан «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі аяқталып, қазақстандық спортшылар бес алтын медаль жеңіп алды. Біраз үзілістен кейін өткен жарыс көптеген боксшының физикалық және техникалық дайындығын айғақтап берді. Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, жарысты қорытындылаған бас бапкер Ерік Алғабектің пікірі осындай.

«Біздің команда мүшелері бірнеше айдан бері қандай да бір халықаралық турнирге қатыспағанын жақсы білесіздер. Сондықтан, біз бұл бәсекені асыға күттік. Сербиядағы турнирге 12 команда қатысты. Біздің спортшылар бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл жарысқа негізінен жастарды апарғанбыз. Жас боксшыларды халықаралық жарыстарда шыңдай түсуді мақсат еттік.

Мәселен, 48 келіде жеңімпаз атанған Арайлым Марат алғаш рет шетелде өткен турнирге қатысып отыр. Сол секілді, биыл ғана ел чемпионы атанған Владислава Кухта үшін де бұл халықаралық аренадағы алғашқы бәсекелердің бірі. Финалға жолдама алған алты боксшының бесеуі алтыннан алқа тақты. Ал Гүлсая Ержан күміс, Марина Вольнова мен Валентина Хальзовалар қола жүлдегер атанды.

Шыны керек, бұл бәсеке ұзақ үзіліске байланысты спортшылардың әлі толық қалпына келмегенін байқатты. Тек біздің команда ғана емес, Ресей, Түркия құрамалары боксшыларының да қарқыны осындай. Енді біз мұнымен тоқтап қалмай, нағыз спорттық бабымызға еніп, жақсы бокс мәнерін көрсету үшін дайындаламыз», - дейді бас бапкер Ерік Алғабек.

Айта кетелік, Сербиядағы турнирде Арайлым Марат, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко және Ләззат Күнгейбаевалар жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер