Бокс

«Канело» Эдди Хирнмен келісімшартқа отырады. Головкинмен басы бір қазанға сыя ма?

«Канело» Эдди Хирнмен келісімшартқа отырады. Головкинмен басы бір қазанға сыя ма?
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес жақын арада британиялық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, Хирн Matchroom Boxing промоутерлік компаниясын басқарады. Әңгіме мексикалық боксшының тең дәрежедегі промоутерлігі туралы болуы ғажап емес. Эддидің қазақстандық Геннадий Головкинмен дәл осындай ынтымақтастығы бар.
Инсайдер Майк Коппинджердің айтуынша, Канело келесі жекпе-жегін 27 ақпанда АҚШ-та Түрік Авни Йылдырымға қарсы өткізеді. Егер мексикалық жеңсе және жарақат алмаса, онда 5 мамырда ол қайтадан рингке оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер