Doha Masters 2021: Жансай Смағұлов пен Дидар Хамза татамиге шығады
Бүгін, 12 қаңтар күні дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлемдік Masters турнирінің екінші жарыс күні басталады. Жарыстың екінші күнінде татамиге Қазақстан құрамасынан екі дзюдошы шығады.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов алғашқы кездесуін франциялық Гийом Шенге қарсы өткізеді. Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дидар Хамза қатысады. Оның жарыстың бірінші айналымынлағы қарсыласы өзбекстандық Шарафоддин Болтабоев болмақ.
Айта кетерлігі, жарыстың екінші күнінде ерлер 73 және 81 келіге дейінгі, ал әйелдер 63,70 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды. Аталған дода елорда уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или