Футзал

FutsalРlanet Awards: Қазақстан футзалы үш номинация бойынша үздік атануы мүмкін

FutsalРlanet Awards: Қазақстан футзалы үш номинация бойынша үздік атануы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Беделді Futsalplanet Awards марапатының ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың үздігі атануға үміткерлердің тізімін жарияла, деп жазады Prosports.kz.

Барлық номинация бойынша Қазақстан футзалының өкілдері енді деуге болады.

FPA барлығы алты номинация ұсынып отыр. Олардың негізгілері, әрине, ұлттық құрамаларға қатысты. Қазақстан құрамасы 2020 жылғы ең үздік ұлттық команда атағына үміткерлер тізіміне енді. Ал бас бапкер Кака ұлттық құраманың үздік жаттықтырушысы сыйлығына үміткерлердің бірі болды.

«Қайрат» футзал клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» номинациясына ұсынылды. Игита бұл атаққа осыған дейін төрт мәрте қол жеткізген. Бұл рекордтық көрсеткіш саналады.

Сонымен қатар, Игитаның биылғы қарсыластарының қатарына алматылық «Қайраттың» бұрынғы қақпашысы, қазір лиссабондық «Бенфиканың» намысын қорғап жүрген Диего Ронкалло және маусымда бразилиялық «Коритниансқа» ауысқан «Атыраудың» бұрынғы қақпашысы Карека да кірді.

Өкінішке орай, қалған үш номинация бойынша Қазақстанның өкілдері енбеді. Атап айтқан: ең үздік клуб, ең үздік клуб жаттықтырушысы және ең үздік әйелдер командасы.

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атағына ұсынылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер