Футзал

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атағына ұсынылды

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита әлемнің ең үздік қақпашысы атағына ұсынылды
news-banner7
mobile-news-top

Беделді Futsalplanet Awards 2020 ұйымдастыру комитеті "Әлемнің ең үздік қақпашысы" номинациясы бойынша лауреат атағына үміткерлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz futsalplanet.com сайтына сілтеме жасап.

Беделді сыйлықтың иесі атану мүмкіндігі Игитаға қатарынан үшінші рет беріліп отыр

Игитаның биылғы қарсыластарының қатарына алматылық "Қайраттың" бұрынғы қақпашысы, қазір Лиссабонның "Бенфикасының" намысын қорғап жүрген Диего Ронкалло және маусымда бразилиялық "Коринтиансқа" ауысқан "Атыраудың" экс-қақпашысы Карека кірді.

Айта кетелік, Игита бұл марапатқа төрт рет (2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары) ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер