Футзал

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтиінгтің үздік бестігіне енді

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтиінгтің үздік бестігіне енді
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде төртінші орынға ие болды.

Футзалдан ұлттық құрамалардың рейтингінде Қазақстан 2097 ұпай еншіледі. Ел құрамасы үшінші орындағы Ресейден небәрі 1 ұпайға қалып тұр.

Қазақстан бұл көрсеткішін одан әрі жақсарта алады. Өйткені футщал шеберлері 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне қатысады. Қазақстан құрамасы «D» тобында Румыния, Словения және Чехиямен ойнайды. К

ездесулер 2020 жылдың 2-5 ақпанында Чехияның Брно қаласында өтеді. Жалпы, әлемдік рейтингте Испания көш бастап тұрса (2209), екінші орында – Португалия (2116) құрамасы.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2002 жылға дейін Азия футбол Конфедерациясында өнер көрсетсе, одан бері қарай УЕФА сапында ойнайды. Еуропа чемпионаттарына бес рет жолдама алды.

УЕФА футзал құрамаларының рейтингі:

1. Испания-2209,692 ұпай.

2. Португалия-2116,631.

3. Ресей – 2098,095.

4. Қазақстан – 2097,180.

5. Сербия – 2007,570.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер